fbpx

Sachiko S-size / 82 / 4-8 kg

«Sachiko» (Сачико) жаялықшалары керемет сіңіргіштікпен, жұмсақтықпен және өте жоғары ауа өткізгіштікпен ерекшеленеді. Жаялықша тұтас ұсақ тесіктермен қапталған, бұл булануларға сыртқа шығуға мүмкіндік береді, ал 3 есе көп ауа өткізетін ішкі тесікті қабат арқасында жаялықша  баланың нәзік терісіне жабыспайды және теріні тітіркенуден қорғап, сұйық нәжісті жақсы ұстап тұрады.

s-size-full

Сипаттамасы:

Қағаз балалар жаялықшалары.
Салмағы 4-8 кг. Саны 82 дн. 

Размер подгузников S от Sachiko

Материал: беттік материал – тоқылмаған полиолефин. Сіңіргіш материал:

мақта целлюлозасы, аса сіңіргіш полимер, сіңіргіш қағаз, тоқылмаған полиолефин. Су өткізбейтін материал, полиолефинді қабықша. Бекіткіш материал — полиолефинді қабықша. Созылмалы материал – полиуретан. Байланыстырғыш материал стиролдық синтетикалық материал. Сыртқы материал – полиэтилен.
Жаялықшаның ішкі беті тіпті сұйықтықпен толғаннан кейін де құрғақ болып қалады.
Керемет ауа өткізгіштік балғындықты ұзақ сақтайды. Созылмалы материал белдің кез келген өлшеміне сәйкес келеді.

    • жақсартылған функциялық қасиеттері – жаялықшалар жылдамырақ сіңіреді және одан да көп қозғалыстар еркіндігін қамтамасыз етеді;
    • арнайы оймалар ылғалды жылдамырақ сіңіруге мүмкіндік береді, бала енді әрқашан құрғақ және көңілді;
    • енді қатты үшкіл қиынды жоқ — жаңа үшкіл қиынды жұмсақ, нәрестенің әр қимылына сәйкес келеді;
    • түрлі түсті көпреттік жабысқыштар жеңіл басу арқылы түймеленеді және жаялықшаны сенімді бекітеді;
    • ішкі тосқауылдар нәрестенің аяқтарын сенімді қармап тұрады, кез келген ағып кетулердің алдын алады, тіпті сұйық нәжісті де ұстап тұрады;
    • сіңіргіш полимерлер арқасында жаялықшаларды қысқан кезде жаялықшалардағы ылғал ұсталынады;
    • бірегей тесікті беті тітіркенудің пайда болуының алдын алады;
    • тіпті максималды қысым болғанда да тері және жаялықша арасында ауа жастықшасы қалады, нәжіс жан-жаққа ағып кетпейді.

Өлшемдер салмақ санаттарына сәйкес келеді.
Салмақ санаттары баланың өлшемдерімен сәйкес келмеуі мүмкін. Сіздің нәрестеңіз үшін сәйкес келетін өлшемді таңдап алыңыз.
Пайдалану кезіндегі сақтық шаралары:

    • Жаялықшалардың балалардың аузына түсуіне  жол бермеу үшін оны балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз және пайдаланғаннан кейін бірден лақтырып тастаңыз.
    • Жаялықшаларды қыздырғыш құрылғылар және жылу шығаратын заттар жанына қоймаңыз.
    • Жаялықша ішіндегі аса сіңіргіш полимермен сіңірілген ылғал бала терісі үшін зиянсыз, желе тәрізді ұйындыға айналады.
    • Жаялықшалар жуылуға жатпайды. Жуу кезінде жаялықшалардың құрамы киімге жабысуы мүмкін.
    • Егер жаялықша кездейсоқ жууға түссе, онда жабысқан бөліктерді сумен мұқият жуу керек.
    • Жаялықшаны ол толған кезде ауыстыру керек. Сақтық шаралары:
    • Жаялықшада жиналған нәжісті бөліп алып, унитазға ағызу керек.
    • Жаялықшаны унитазға лақтырмаңыз.
    • Пайдаланылған жаялықшаны бүктеңіз, бүлінген бөлігін ішке ораңыз.
    • Үйден тыс пайдаланылған жаялықшаларды үй қоқысымен бірге лақтырыңыз.
X